Әлем • 28 Қаңтар, 2020

Жанкүйерлер Коби Брайант бейнесін NBA логотипіне ұсынды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Миллионнан астам адам Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жаңа ресми логотипіне Коби Брайанттың бейнесін қолдану туралы петиция жариялады.

Жанкүйерлер Коби Брайант бейнесін NBA логотипіне ұсынды

Баскетбол тарихындағы атақты ойыншылардың бірі Коби Брайант жексенбі күні Калифорнияда тікұшақ апатында қаза тапты.

Апатта баскетболшымен 13 жасар қызы Джианна мен өзге де жолаушылар болған.

Қауымдастықтың қазіргі логотипінің авторы - Алан Сигел. 1971 жылы әзірленген ресми логотипте  82 жастағы Лэйкерс ойыншысы Джерри Уэст бейнелеген. 

Петицияға қолдау білдірушілер Коби Брайант бейнеленген логотиппен әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісуде.

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) бұл ұсынысқа қалай қарайтыны туралы мәлімдеме әлі жасалған жоқ.

р