06 Тамыз, 2013

«Ақтөбе» – бірінші кезеңнің үздігі

249 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жексенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті.

Командалар Премьер-лигада 22 ойын өткізіп, бірінші кезеңді аяқтады. Әзірге 22 турдан кейін «Ақтөбе» командасы турнир кестесінде көш бастап келеді. Осы турда команда 47 ұпаймен екінші орындағы «Астанадан» артық 6 ұпай жинап, бірінші кезеңнің үздігі болып танылды. Бұл кездесуге Владимир Никитенко негізгі құрамды шығарған жоқ. Команданың негізгі құрамы

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің екінші матчына дайындалуда. Осы турда «Астана» өз алаңында «Тобылды» 2:1 есебімен ұтты. Нөсербаев пен Нұрдәулетовтың голдары арқасында «Астананың» бірінші айналымдағы соққан доптары саны 35-ке жетті. Қазір ол осы кезеңде ең көп соққан команда болып отыр. Ал «Ақтөбе» ең аз гол жіберген команда. Қазірге дейін Сидельников бар-жоғы 12 гол жіберіпті.

22 турда «Атырау» «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Талдықорғанда «Жетісу» мен Алматының «Қайраты» 0:0 есебімен тең тарқасты. Павлодарда «Ертіс» Шымкенттің «Ордабасысын» 2:0 етіп ұтты.

Енді командалар екінші кезеңде 1-6 және 7-12 орындар алған клубтар болып бір-бірімен тағы кездеседі. Осы кезеңде алғашқы алтылық өзара жүлделі орындарға таласса, жетіден төмен орын алғандар келесі маусымда Премьер-лигада қалу үшін күш сынасады. Ашығын айту керек, қазір голландиялық Арно Пайперс жаттықтыратын «Тараз» бен «Ақжайықтың» жағдайы мәз емес. Олар 11 және 12 орындарда тұр.

Тағы айтатын нәрсе, екінші кезеңде командалардың ұпайы екі есеге қысқарады да, олар сол қалпында чемпионатты жалғастырады. Мәселен, «Ақтөбе» бірінші кезеңде 47 ұпай жинады. Екінші кезеңде ұпайы екі есе қысқарады да, турнирді 24 ұпаймен бастайды. Ал 30 ұпай жинаған «Ордабасының» ұпайы екі есе қысқарғанда, 15 болады. Сөйтіп, екінші кезең 6 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан чемпионы келесі жылы ел намысын Чемпиондар лигасында қорғайды. Екінші және үшінші орын алған командалар және ел кубогын иеленген ұжым Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Ал турнир кестесінде соңғы орын (12-орын) алған команда бірден бірінші лигаға кетеді. Чемпионатты 11-орынмен аяқтаған ұжым Премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалу үшін бірінші лигада екінші орын алған командамен електік кездесу өткізеді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».