Тағайындау • 28 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында еліміздегі ең жас басқарма басшысы тағайындалды

3829 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадр резервінде тұрған Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев басқарма басшысын ұжымға таныстырды.

Жамбыл облысында еліміздегі ең жас басқарма басшысы тағайындалды

Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы туған, білімі жоғары. 2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) менеджмент, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған. 2012-2014 жылдары «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің басшысы, 2015-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017 жылы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика, қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, 2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжат айналым қызметінің басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қараша айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы болып қызмет істеген.