Фото: Kyodo News Agency
Вирусты жұқтырған автобус жүргізушісі жақын арада Ухань қаласында не Қытайда болмағаны анықталған.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрі Кацунобу Катоның айтуынша, 60-тар шамасындағы жапон азаматы ай басында Ухань қаласынан қыдырып келген туристер отырған автобусты жүргізген екен. Жапонияның Нара аймағында тұратын науқас пневмония белгілерімен ауруханаға сенбі күні жеткізілген.
Соңғы деректерге сәйкес, Жапонияда коронавирус жұқтырған 6 адам анықталған.
Сондай-ақ пневмония белгілерімен дәрігерлер көмегіне жүгінген екінші науқас - 40 жастағы ер адам Уханьнан Жапонияға 20 қаңтарда келген.
Министрдің айтуынша, соңғы анықталған екі адаммен байланыста болғандар да медициналық тексеруден өтіп жатыр.