Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020

Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралады

41 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралап, онда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарларымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның автоөнеркәсібінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ ҚР және ӨР автоөндірушілерінің ынтымақтастығы туралы «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А. Лаврентьев, «Astana Group» бас директоры Н. Смағұлов және «Узавтосаноат» АҚ басқарма төрағасы Ш. Умурзаков баяндады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26%-ды құрады (2018 жылы – 19%), жалпы құны 360 млрд теңгеге жуық 50 мың бірліктен аса техника өндірілді, 2,7 мыңға жуық автомобиль экспортталды.

Сатылымдағы қазақстандық автомобильдердің үлесі 59%-ға дейін өсті (2018 жылы – 49%), ҚР-да ең көп сатылатын автомобиль брендінің 5-тен 4-уі – отандық өндірістікі.

Биыл Қазақстанда 10-нан астам жаңа автомобиль модельдері шығарыла бастады. Автоөнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемін қысқа мерзім ішінде 100 мың автокөлікке дейін жеткізу көзделген, оның ішінде 10-15 мыңын – Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Беларусь, Әзербайжанға және басқа да елдерге экспорттау жоспарда бар. Алматы қаласында қуаттылығы жылына 45 мың бірлік болатын «Hyundai» зауыты ашылады. Автоөндірушілер автокөліктердің тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру шараларын қабылдайды.   

Премьер-Министр А. Маминнің қатысуымен «Узавтосаноат» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» арасында ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС мен «UzAuto Motors» АҚ арасында автокөліктердің құрауыштарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. 

Үкімет басшысына «Damas» автобусының, «Labo» жүк машинасының, сондай-ақ «Chevrolet» (Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Tracker, Onix, Spark және т. б.) автомобилдерінің модельдері таныстырылды, оларды Қостанай қаласында құрастыру жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар