Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Толғақ қысса, қарлы боранға қарай ма?!.

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтардың соңғы күндері солтүстік өңірлер қарлы боранға оранды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қысқы кезеңнің басталуымен 21 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілсе, жылыту орындарына 114 адам, 7 ба­ла тұрақтаған. Қар құрсауынан 332 жүк көлігі, 10 жо­лаушылар автобусы, 50 жеңіл автокөлік шыға­рылған.

Толғақ қысса, қарлы боранға қарай ма?!.

Осы күндері құтқару­шыларға Екібастұзға бара жатқан Жедел-жәрдем көлі­гінің қар құрсауында қалып қойғаны жайлы хабарлама түседі.

Жедел-жәрдем Төрт­­құдық ауылынан аяғы ауыр әйелді әке­ле жат­қан екен. Оқиға орнына Жедел-құтқару жаса­ғы­ның Екібастұз қа­ласы құтқару бөлім­шесі­нің «Трэкол» жол талға­май­тын көлігі жіберіледі.

Осы екі арада құт­қару­шылармен қатар шыққан екінші Жедел-жәрдем көлігі де қала­дан шықпай жатып, қар құрсауында қал­ды. Құт­­қарушылар дәрігер­лер­ді алып, жолда боранда қал­ған аяғы ауыр әйел мен жолдасын қар құрсауынан алып шығады.

23 қаң­тарда таңғы 06.36-да Екібастұздағы перзентханаға жеткізілген Марина Гетте босанып, бо­ранда туған қыз бала­сына Самира деген ат қояды.

Боранды күндері Май­қайың кентінің тұрғыны Лаура Мә­дениет те тол­ғағы қысып Жедел-жәр­дем шақырады. Баянауыл ауданының Жедел жәрдем бригадасы Лаураның үйі­не жедел жетіп, босандырып алады.

Жаңа туған нәрестеге ал­ғаш­қы көмек көрсет­кен­нен кейін анасымен бірге пер­зентханаға жет­кізіледі. Қазір боранды кү­ні туған кішкентай Ай­ару Ал­тынбекқызы да аман-есен.

 

Павлодар облысы