Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Трактормен келген фельдшер

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шығыста қыс қаһарына мініп тұр. Қар қалың. Екі күннің бірінде ақ түтек боран. Жолдар да бірінен соң бірі жабылып, жұртты әбігерге түсіріп жатқан жайы бар.

Трактормен келген фельдшер

Осының салдарынан жа­қында Бородулиха ауда­нында дәрігерлер ауы­рып қалған балаға жедел жәрдем көлігімен емес, трактормен бару­ға мәж­бүр болды. «Жа­ңа Шүлбі ауылында кішкен­тай ба­ла дем ала алмай, ен­ті­гіп жатыр деген хабар ке­ліп түсті. Шұғыл ме­ди­­­циналық көмек қа­жет еді. Ауа райының қолай­сыз­дығына байланысты жедел жәрдем көлігі жол­ға шыға алмады. Осы сәтте «Лазарев» ЖШС-нің жүр­­гізушісі Иван Позняк трак­торымен көмекке кел­ді» деп жазады Семей жедел меди­циналық кө­мек бекетінің баспасөз қыз­меті.

Осы ауылдың тұр­ғыны Кристина Белендер әлеу­меттік желі арқылы ақ қар, көк мұзға қарамас­тан трак­торға отырып, кө­мек көрсетуге асық­қан  фельд­шер Ольга Чу­ку­рова мен тракторшы Иван Познякке алғысын жеткізді. «Қоғамда дәл осындай мейірімді һәм жа­нашыр жандар көп бол­са деймін. Оларға мың алғыс» дейді ауыл тұр­ғыны.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Бородулиха ауданы,

Жаңа Шүлбі ауылы