Фото: ВВС
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Куба мен Ямайканың арасында жер бетінен 10 километр тереңдікте болған.
Тынық мұхитының цунами ескерту орталығы оқиғадан кейін тек 2 сағаттан соң цунами қаупі сейілгенін айтқан.
Сарапшының айтуынша, мұндай аса ірі жер сілкінісі Кариб аймағы үшін өте сирек жағдай. Соңғы жүз жыл ішінде бүгінгі эпицентрден 400 шақырым радиуста 6 және одан да жоғары магнитудасы бар бес жер сілкінісі болған екен.
Жер сілкінісін сезген Майами Брикелл қаржы ауданында жұмыс істейтін мыңдаған адам кеңселерін тастап далаға шыққан. Куәгерлер жоғары қабаттарда сілкініс қатты сезілгенін айтқан.
Ямайка премьер-министрінің кеңсесі аймақта зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, ал The Miami Herald басылымы Куба астанасы Хавана да дін аман деді.