Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Жарқын жобалар

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында биылғы волонтерлер жылына арналған жобалар мен іс-шаралардың тұсау кесу рәсімі өткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жыл аясында «Біргеміз» атты тұжырымдаманы бекіткені белгілі. Оны осы кезеңде атқарылатын жан-жақты жұмыстардың басты темірқазығы десе де болады.

Жарқын жобалар

Тұжырымдама негізінде жеті бағыт бойынша жалпы ұлттық жобалар жүзеге асырылмақ. Ақтөбе облыстық жастар саяматы мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов осыған орай өңірде «Білім», «Сабақтастық», «Таза Қазақстан», «Асылмұрат», «Қамқор» және «Үміт» атты бағыттарға басымдық берілгенін айтып берді. Оның мәлімдеуінше бұл аймақта еріктілер қозғалысын кеңінен өрістетудің басты бір жолы болмақ.

Қазіргі кезде облыста құрамында 1500-ден астам адамы бар 36 еріктілер тобы қызмет жасайды. Олардың 17- сі Ақтөбе қаласында белсенді іс-қимыл танытып жүрсе, 17-сі облыс аудандарында сабақтастықтың және жаңышылдық пен жасампаздықтың үлгісін көрсетуде. Бұл ретте Ақтөбе аймағында ресми түрде тіркелген волонтерлер топтары біраз жылдардан бері өз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Олардың алға қойған басты мақсаты мұқтаж жандарға рухани адамгершілік тұрғыдан және қоғамдық қабылдау қабырғасынан қажетті көмектер беру болып отыр.

Осы орайда әрбір волонтерлік топтың өздеріне тән іс-имыл ерекшелігі бар екені, оларды дараламай, керісінше бірін-бірі байытып, толықтырып жүргені де сүйінішті жәйт. Айталық алғашқы топ көмекті қажет ететін жалғызлікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жандарында жүрсе, екіншісі  қариялар мен аналар үйлеріне жиі барып, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуыд басты парыздары деп біледі.

Облыста медициналық көмек көрсетуге бағыт ұстаған волонтерлер топтары да жасақталған. Сондай-ақ сонау кеңестік кезеңде қалыптасқан «Қызыл жары ай» қоғамы өз жұмыстарын бүгінгі қазақстандық қоғам мүддесіне бейімдей білгені де сүйсіндермей қоймайды. Айталық, қазіргі кезде жастар мен студенттердің арасында репродуктивтк денсаулығы нашар қоғам мүшелері жиі кездесіп қалып жүргені жасырын емес. егер бас көтере бастаған бұл дерттің алды алынбаса, ертең оның аяғы үлкен өкініштерге апарып соқтырмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұлы нәрседе ұяттық болмайды. Отбасын құрған ерлі-зайыптылардың репродуктивтік денсаулықтары төмендігінен ұрпақ сүйе алмауы –бақытсыздықтың бір көрінісі емес пе? Бұл бағытта «Репродуктивті денсаулық» және «Алғашқы медициналық көмек» атты кәсіби дәрігерлерден құралған волонтерлер тобы өздеріне жолыққан жандарға жан жылуы ен шипа жылуын қоса беруге қашан да әзір. Өңірдегі волонтерлер армиясының тағы бір өкілі экологиялық бағытта туындаған мәселелер мен проблемаларды шешуге қатысты өз үндерін айқын жеткізуде. Сондай-ақ «Зерде» деген атауға ие волонтерлік топ іс-түссіз жоғалып кеткен адамдардың деректерін іздестіріп табуға қатысты жоспар жасап, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді көздейді. Бұл тұрғыда олар өз жұмыстарын төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік құрылымдармен және құқық қорғау органдармен қоян-қолтық қызмет ажсауға бекем бел буған.

Биылғы волонтер ылында Ақтөбе аймағындағы жыл иелері алға қойған ой-жоспарлар мен жобалар ертеңгі күннің тындырылған нақты ісіне айналса игі.