Аурулардың қалай таралуы туралы ақпаратты BlueDot алгоритмі қалай қадағалайтынының көрінісі
Сонымен жасанды интеллект эпидемияны қалай болжай алады? Қандай да бір инфекцияның эпидемия тудыруы туралы ғалымдар дабыл қағатынын жиі айтамыз. Климат жылуына байланысты безгек сияқты аурулардың жәндіктер арқылы суық аймақтарға да тарау қаупін тудырып отыр. Одан қалды мұздықтарда 15 мың жыл бұрын қатып қалған вирустар да оянуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты ғалымдар жасанды интеллект басқаратын BlueDot алгоритмін пайдаланады. Алгоритм барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі аурулар туралы барлық жаңалықтар, ресми мәлімдемелер мен мәліметтерді жинап, мониторинг жасай отырып, соның негізінде ескертулер жасап отырады. Мысалы, Ухань қаласына бармау керектігін, жоғарыда айтқандай американдықтар мен канадалықтар алдын ала ерте хабарлаған. Коронавирус туралы сөз қозғағанда 2003 жылғы Қытайдағы SARS таралуын айтпай кетпеу мүмкін емес. Сол кезде қытайлық билік ауру туралы ұзақ уақыт әрекетсіз қалды және оны жасыруға тырысты. Ал, бұл аурудың жылдам тарап кетуіне негіз болды.
Wired басылымының жазуынша BlueDot бағдарламасымен айналысатын компания 2014 жылы 9,4 млн доллар көлемінде венчурлік қаржыландыру негізінде ашылған. Компанияда жұмыс істейтін 40 дәрігер мен IT саласының мамандары сараптамалық бағдарламалар жасай отырып, 65 тілдегі барлық жаңалықтар мен ақпараттарды сүзгіден өткізеді. Бұл барлық эпидемия тудыратын ауру түрлерін толықтай зерттеп, керек десеңіз әуе компанияларының адамдар мен жануарлар арасында болатын аурулар туралы хабарламаларын да електен өткізіп, база жасап отырады. Компания әлеуметтік желідегі ақпаратты оның көбі өсек-аяң негізінде жазылатыны себепті есепке алмаған.
Автоматтандырылған іріктеуден кейін алгоритмнің нәтижелерін эпидемиолог мамандар міндетті түрде тексереді және соның негізінде қорытынды есеп жасалады. Дайын есеп АҚШ және Канада сияқты елдердің денсаулық сақтау органдарының басшыларына, әуе компанияларына және ауруханаларға жіберіледі. BlueDot алгоритмі Ухань қаласынан шыққан вирус алдымен Бангкокта, артынша Сеул, Тайбэй мен Токиода көрініс табатынын болжай алған.