Нақты айтқанда, аталған аудандағы Нарманбет ауылының маңында толғағы жеткен ананы фельдшер Баян Ысқақова босандырып, нәрестенің кіндігін өзі кескен екен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, боранды күні жарық дүниеге келген нәрестенің салмағы 2370 грамм, бойы 47 см.
Жас босанған ана мен сәби ауруханаға аман-есен жеткізілген.