Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысында үш адам иіс тиіп қаза тапты

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының орталық мешітінде қайғылы оқиға болды.

Қарағанды облысында үш адам иіс тиіп қаза тапты

Алла үйіндегі жылыту қазандығы орналасқан бөлмеден иіс тиген үш еркек адам табылды.

Жас шамалары 22 мен 23 жас аралығындағы азаматтар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенмен, көп ұзамай көз жұмды.

Марқұмдардың бәрі Ақтоғай кентінің тұрғындары. Олардың бірі мешітте от жағушы болып жұмыс істеген.