Шалқып жатқан шалқар теңіздің суы ернеуінде ғана қалды. Айнала ақ тұздың алқабына айналды. Құмның арасында балықшының құрал-жабдығы желмен көлбеңдейді. Теңіздің табанына тұрақтаған кемелердің қаңқасы ғана қалған. Кеше ғана суы толқындап, нуы жайқалған берекелі мекеннің бүгін мерекесі тарқап тұр. Адамдар үдере көшуді үрдіске айналдырды. Балық кеткен соң халықтың тұрақтамайтыны да белгілі ғой. Бұл – Аралдың өткен бейнесі еді.
Шалқып жатқан шалқар теңіздің суы ернеуінде ғана қалды. Айнала ақ тұздың алқабына айналды. Құмның арасында балықшының құрал-жабдығы желмен көлбеңдейді. Теңіздің табанына тұрақтаған кемелердің қаңқасы ғана қалған. Кеше ғана суы толқындап, нуы жайқалған берекелі мекеннің бүгін мерекесі тарқап тұр. Адамдар үдере көшуді үрдіске айналдырды. Балық кеткен соң халықтың тұрақтамайтыны да белгілі ғой. Бұл – Аралдың өткен бейнесі еді.
Аралдан ұшқан ақ тұз Антарктидаға жеткенде бұл біздің проблемамыз ғана емес еді. Тұтас әлемнің бас ауруына айналған. Осы тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен бастаманы қолға алды. Ол – САРАТС жобасы болатын. Яғни Аралды қайта қалпына келтірудің кешенді жұмысы. Аталған жобаның алғашқы фазасында Кіші Аралға су келді. Сумен бірге өмір орнықты. Президенттің тікелей мұрындық болуымен бүгінде Арал өңірінің ажары кіре бастады. Ал 1993 жылы Халықаралық Аралды қорғау қоры құрылды. Қорды құруға Қазақстан бас болып, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты бауырлас мемлекеттер тізе қосты. Соның нәтижесінде талай тірліктің басы қайырылды. Атан түйенің белі шыдамас жұмыстар атқарылды.
Халықаралық қордың құрылғанына биыл жиырма жыл толды. Осы орайда қорға мүше мемлекеттердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың мүшелері, елшілік қызметкерлері, эколог мамандар Қызылорда облысына арнайы келді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі бастамасына орай Арал теңізінің қазақстандық бөлігінде су ресурстарын басқаруды интегралдаудың озат тәжірибесінен хабардар болуды арттыру» тақырыбында мәжіліс өткізді. ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы орталығының жетекшісі, елші Наталия Зарудна, сондай-ақ БҰҰ ДБ өкілдері, су мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың сарапшылары, бассейндік басқармалардың қызметкерлері қатысты.
Халықаралық Аралды құтқару қоры мен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы бірлесіп өткізген шараны ашқан атқару дирекциясының директоры Медет Оспанов қазіргі таңда қолға алынып отырған жобаларға тоқталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Басқармасының кеңесшісі Дархан Нұрсадықов Сыртқы істер министрінің, Халықаралық Аралды құтқару қоры атқару комитеті төрағасының орынбасары Демесін Нұрмағанбетов Су шаруашылығы комитеті төрағасының ыстық ілтипаттарын жеткізді. ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының жетекшісі, елші Наталия Зарудна Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Арал теңізінің қазақстандық бөлігінде су ресурстарын басқаруды интегралдау жобасы жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Шара барысында қордың атқару дирекциясының директоры Медет Оспанов саланың жұмысына елеулі үлес қосқан бір топ қызылордалық ағайынды қордың 20 жылдық естелік төсбелгісімен марапаттады. Дөңгелек үстел отырысы одан әрі пленарлық мәжіліске жалғасты. Онда тәуелсіз сарапшы Игорь Петраков «Жасыл» экономикадағы су секторын ілгері жылжыту жолдары», тәуелсіз сарапшы Александр Мирошниченко «Жасыл» экономикадағы су ресурстарын басқару: бассейндік корпорация және тарифтер», ұлттық стратегия жөніндегі БҰҰ ДБ жобасын үйлестіруші Талғат Кертешов «Жасыл» экономикаға табиғи капитал арқылы» тақырыбында баяндама жасады.
Халықаралық шараның бағдарламасы бойынша бірінші сессияда «Кіші Арал мен Сырдария өзенінің сағасындағы судың сапасы», екінші сессияда «Жасыл экономикаға өтудің негізі – су жинақтайтын технологиялар» тақырыбы талқыланса, ал үшінші сессияда өңіріміздегі бірқатар объектілердің тұсаукесері өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында қаралған мәселелер қорытындыланып, оған қатысушылар үндеу қабылдады.
Шара соңында алыс-жақын шетелдер мен республикамыздың өзге өңірлерінен келген конференция қонақтары Қарауылтөбе тәжі-рибе шаруашылығының күріш алқаптары мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жылыжай