Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Қазақ хандығының 555 жылдығына арналды

3751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №20 мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай «Қазақ хандығы – Ата жол тарихы» атты тарихи оқулар өткізілді.

Қазақ хандығының 555 жылдығына арналды

Іс-шара барысында кітапхана мамандары Қазақстан елі ата-бабаларымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасының иесі екенін, өз тарихыңды зерттеу әрқашан барлық уақытта өзекті болып қалатынын жеткізді. Және де биыл Қазақ мемлекеттігіне 555 жыл толатынын, осы күнді тойлау бүгінгі күннің үлкен жетістігі болып табылатынын атап өтті.

Кітапханашылар 1465 жылы Керей мен Жәнібек бастаған қазақ мемлекеттігі мен алғашқы хандықтың құрылуы кезінде ата-бабаларымыздың басынан кешкен батыл іс-әрекеттері туралы әңгімеледі. Бұдан кейін қатысушылар екі топқа бөлініп, ұсынылған оқиғалар мен шайқас сипаттамалары бойынша үзінділерді оқып, ұрыс даласының орны мен жер атауларын анықтады. Сонымен қатар тарихи тұлғалардың портреттерінің сипаттамасын оқи отырып, қазақ хандары мен басқарушыларының есімдерін тапты.

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мамандарының айтуынша, қазақ халқының тағдыры туралы толғана келе, қатысушылар «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақ елі» атты бейнероликтер мен Қазақ хандығының тарихы туралы деректі фильмнен үзінділерді қызығушылықпен тамашалағаны ұйымдастырушыларға да ерекше әсер қалдырып отыр.

Іс-шара соңында «Қазақ хандығы - Ата жол тарихы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

 

Семей