Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына қолғабыс жасады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «BizBirgemiz» челленджін қолдады. Әскери бөлімдер қаза тапқан интернационалист жауынгерлердің және олардың отбасы мен ата-аналарының қар басып қалған үйлерін тазалады.

Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына қолғабыс жасады

Барлық үйлерді шатырларына дейін тазалап шығарды.  Отын жарып, көмірді қажетті жерге тасыды. ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері қазіргі қорғаушыларға қиын жылдар туралы айтып, мемлекеттің бейбіт өмірі мен тыныштығын бағалау қажеттігін атап өтті.

- Мемлекет басшысы қолдаған әртіс Тұрсынбек Қабатовтың сөзі біздің жүрегімізге де үн қосты. Ол барлық қала, бүкіл ел - бұл біздің үлкен үйіміз және әрқайсымыз оған қамқорлық жасауымыз керек, өйткені біз, барлығымыз Отанымыздың балаларымыз. Біз бірге үлкен жетістіктерге жете аламыз, - деді инженерлік-саперлік батальон командирінің орынбасары, майор Досым Беласаров.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар бұл челлендждің басталуына орай қар тазалау жұмыстары басқа өңірлік қолбасшылықтар мен әскери құрылымдарда жалғасын табуы аса қажет.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30