Атап айтқанда, 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап аталған екі ел арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады, 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды, 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.
Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режімде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.