2020 жылғы 29 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді. Онда «Әлем таныған Абай» кітап-иллюстративті көрмесі мен «Абай әлемі» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Мажарстан мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы бастаған абайтанушылар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп жүрген мажарлық студенттер қатысқан іс-шара Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Өкілдігінің ғимаратында өтті.
Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында саяси-экономикалық қарым-қатынастар ғана дамып қоймай, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты.
Мажар тарапынан Мажарстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, мажарлық Пен-Клуб президенті Г.Сёч сөз алып, әлемдік мәдени мұраға үлесін қосқан Абайдың еңбегінің терең пәлсапалық ойларына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді.
Іс-шара барысында мажар тілінде М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабының тұсаукесері болды.
Іс-шарадан кейін Будапешт қаласында орталық парктегі Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды. Қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақстандық және мажарлық студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындады.
Батумиде Наурыз мерекесі тойланды
Әлем • Бүгін, 13:47
Еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 13:23
Рыбакина Майами турнирінің үшінші кезеңіне шықты
Спорт • Бүгін, 12:55
Өткен тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:35
FIDE президенті Гран-приге қатысушылардан кешірім сұрады
Шахмат • Бүгін, 11:56
Әскери қызметші қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты
Спорт • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар