Бұл шешімді оның атын заңсыз пайдаланушылардың санын азайту және келісімінсіз коммерциялық мақсатта қолданатындарға қарсы қабылдағанын айтқан.
Грета Тунберг 2019 жылы «Жыл адамы» атанған болатын. Өткен жылы экология мәселелерін қозғап жүрген белсенді ретінде де көпшілікке танымал болды. Ол Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 52 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыдан бас тартқан еді.