Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020

Бердібек Сапарбаев: Өткен жылы 95 мың жерлесіміз тұрғын үймен қамтамасыз етілді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр орынбасары Б.Сапарбаевпен және Үкіметтің әлеуметтік блогы министрліктерінің өкілдерімен кездесті.

Бердібек Сапарбаев: Өткен жылы 95 мың жерлесіміз тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Кездесу барысында Б. Сапарбаев өткен жылдың негізгі мәселелеріне тоқталды. Солардың ішінде ең маңызды деп атап өткені қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етілуі. Оның айтуынша,  бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда көрсеткіш едәуір өскен. 2019 жылы 13 млн шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бұл - 95 мың адам баспаналы болды деген сөз.

Сондай-ақ экономиканың даму қарқыны өткен жылға қарағанда 4,5 пайызға өсті. Бұның есебінен тұрғындардың жалақысы мен басқа әлеуметтік мәселелер шешу қарқыны дамыды.