Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020

KASE: доллар шамамен 1 теңгеге қымбаттады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка валютасының орташа бағамы - 378,42 теңге. Бұл жайында Қазақстандық қор биржасы хабарлады.

KASE: доллар шамамен 1 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 2020 жылғы 30 қаңтарда 11:00-де 378,42 теңгені құрады. 29 қаңтардағы таңертеңгі деректермен салыстырғанда (379,29 теңге / $ 1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,87 теңгеге арзандады. 

Kurs.kz хабарлауынша, елорданың айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың максималды бағамы 11:15-те - 380 теңге, Алматыда - 381 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,86 теңгені құрайды.

Айта кету керек, теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленді.