Спорт • 30 Қаңтар, 2020

Теннис: Жерлестеріміз жартылай финалда ұтылды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Австралияның ашық біріншілігінің финалдық сайысына жолдама ала алмады.

Теннис: Жерлестеріміз жартылай финалда ұтылды

Бастапқы бәсекелерде германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті,  Оңтүстік Кореяның өкілдері Нам Джи Сун мен Сон Мин-Кьюді және америкалық Сэм Куэрри мен Стив Джонсонды жолдарынан ығыстырған олар ширек финалда корт қожайындары Джеймс Дакворт пен Марк Полманстан басым түскен еді.

Жартылай финалда біздің жігіттер АҚШ пен Ұлыбритания жұбы – Раджив Рам және Джо Солсберимен кездесті. Алғашқы сет 6:4 есебімен отандастарымздың пайдасына шешілді. Алайда одан кейінгі екі сетте қарсыластары басымдық танытты – 6:3, 6:4. Бұл бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды. 

Осылайша, жұптық сайыста қазақстандық теннисшілер өз тарихында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жартылай финалында өнер көрсетті.