Кино • 30 Қаңтар, 2020

Модель Алла Елшін туралы фильм Парижде көрсетілді

723 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2019 жылдың  күзінде Алла жайлы киноның жобасын дайындап жатқан Францияда тұратын қазақ Берлин Иришев  бастаған  шығармашылық  топ оның жобалық нұсқасын қазақстандық журналистерге таныстырған болатын.

Модель Алла Елшін туралы фильм Парижде көрсетілді

Сол кезде бүгін Парижде көрсетіліп жатқан киноның жобасы қазақстандық журналистер назарына ұсынылған. Кино-жобаны дайындаушы шығармашылық топтың  Алланың қобыз үнінің сүйемелдеуімен аппақ кеңістікке – болашақа беттеп бара жатуымен аяқтау туралы ұсынысын алматылық журналистер ықыласпен қабылдағанбыз.  

Бүгін ол аяқталып, париждік талғампаз көрерменнің назарына ұсынылғаны жайлы хабар есіттік.    

Апта басында Парижде дүниежүзілік сән аңызы Кристиан Диордың мюзиклі, қазақ Алла Елшінге арналған алғашқы фильмнің жабық премьерасы өтті. Бұл туралы Хабар24 тілшісі хабарлады. Сән сарапшылары мен Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығының мүшелері біздің елшілік ғимаратында алғашқы көрсетілімге жиналды. Дәл осы ұйым өз қаражаты есебінен Алла туралы фильм түсірді.

Бір жарым жыл ішінде белсенділер мұрағатта модельдің өмірі туралы ақпараттар жинады, Алла Елшінді білген адамдармен кездесті. Егер бұрын модельдер Маньчжу тамырына байланысты болса, онда оның өмірінің негізгі зерттеушісі Берлин Иришев Диор жұлдызының этникалық қазақ екенін дәлелдей алды. Көрермендер назарына ұсынылған кино-картинада Аллаға қатысты көптеген деректі факті алғаш рет ұсынылған. 52 минуттық фильм кейін Францияда да, Қазақстанда да көпшілікке көрсетіледі.

Аңызға айналған қазақ әйелінің деректі өмірбаяны соншалықты үлкен қызығушылық тудырды, оның авторлары Алла Елшін туралы көркем фильм жасауды ойлады. Жоғары сән маманы Джулия Гайон журналистермен кездескен кезде Францияда тұратын адамдар оны Диордың сән сиқыршысы ретінде танитынын, құрметінің ерекше екенін айтыпты. «Алла тағдыры туралы жасалған зерттеу жұмысының сапасы таңғалдырады» дейді ол.  

Алла Елшін тек сұлу, сымбатты манекенші ғана емес, ол жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға, талғамы биік әйел болғанын замандастары күні бүгінге дейін айтып келді. 

Сұхбаттардың бірінде Нью-Йорк және Париждің түнгі сауық-орындарын салыстыра отырып, былай деп сипаттайды: «Латын кварталының» қонақтарына қайран қаламын. Мұндай киімдермен мен ешқайда үйден аттап баспас едім, бұдан да жалаңаш жүрген артық. Париждегі Folies Bergere қонақтары да пуритандығымен ерекшеленбейді. Алайда олар жалаңаштануды ашық әрі екіжүзділіксіз насихаттайды».

Алланың өзі подиумдарда декольте мен қысқа юбкаларды киюден қысылған емес. Ив-Сен Лоранның ашық коллекцияларын да талай көрсеткен. Алайда өмірде ол ұстамды стильді ұнататын еді. 1957 жылы Lubbock Avalanche басылымына берген сұхбатында былай депті:  «Мен өзімді свитер, кең шалбар мен юбка киіп жүргенде жақсы сезінемін. Кешкілік жолдасым екеуміз бір жаққа шыққанда мен қара түсті киімді және омырауы жабық киімдер таңдаймын».

Париждің, содан соң әлемнің сәнқой бикештері Алладан кейін көзін қиғаш етіп бояй бастағанын Парижде шыққан басылымдардың бәрі жариялаған кезінде. Қиғаш қас пен қара қолаң шаш сол кезде сән әлемі үшін трендке айналыпты. Алла Диор коллекциясымен әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Ол модель мансабын 1967 жылы аяқтады. Дегенмен соңғы рет модель 1987 дылы Диор үйінің 40 жылдық мерейтойына орай подиумға шығыпты. Берлин Иришевтің «Муза Dior. История Аллы Ильчун» кітабында әлемге танылған модельдің өмір деректері, сирек суреттері, ол туралы естеліктер жинақталған.

Автордың айтуы бойынша, кітапты жазу барысында түрлі мистикаға толы оқиғалар болған. Кино желісі де  Б. Иришев жазған кітап бойынша түсірілген.  

Берлин Иришев кеше әлеуметтік желідегі парақшасында Алла туралы кино-картинаның толық нұсқасы Қазақстанда қашан көрсетілетіні жайлы қосымша хабарлайтынын айтыпты.  

Демек, Қазақстанға сән әлемінің падишасы Алла туралы жаңа туынды келе жатыр деп айтуға болады.

 

АЛМАТЫ