Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

«Ақылтай» балабақшасының айналасы қалың қардан аршылды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Біз біргеміз» атты қар тазалау челленджі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасты. Осынау игілікті іс туралы аталмыш мектептің баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Исабаев айтып берді.

«Ақылтай» балабақшасының айналасы қалың қардан аршылды

Білім ошағының ұстаздары өз шәкірттерінің ұсынысына қолдау білдіріп, шаһарымыздағы «Ақылтай» балабақшасының ауласын қалың қардан тазартуға бірлесе атсалысқан екен. Бұл іске Зияткерлік мектеп тарапынан 30-ға жуық педагогі мен 100-ге тарта жоғары сынып оқушысы білек сыбана кірісіпті.

 Биыл елімізде қар мөлшері жылдағыдан артығымен түсіп отыр. Осыған байланысты республикамыздың түкпір-түкпірінде «Біз біргеміз» челленджі өтіп жатыр. Шәкірттеріміз осы шараға бізде қатысалық деген ұсынысына орай мектеп басшылығы, ұжым болып қолұшын беру керек деп шештік. Соның нәтижесінде қажетті құрал-саймандар мен техниканы өзіміз әкеліп, берілген жерді тазалау жұмыстарын жүргізудеміз, - дейді мектеп директорының орынбасары Лариса Абылқасымова.

Жыл бойы түрлі шаралардан шет қалмай, балабақша өміріне белсенді қатысатын оқушылар бүлдіршіндердің аулада емін-еркін серуендеп, алаңдарда ойнауларына жағдай жасау үшін барын салып, көмектесуге әрқашанда даяр екендіктерін жеткізді.

Республикалық деңгейде қолдау тапқан челленджі Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектептен қабыл алған семейліктер оны жалғастыруды шаһарымыздағы №7, 19, 22, 31, 39 серіктес білім мекемелері мен Қарағандыдағы Зияткерлік мектепке жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50