Бұл деректерді Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов жария етті. Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер саны 124 бірлікке азайған. Департамент басшысының айтуынша, аймақта 610 мемлекеттік органда 7061 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Бос мемлекеттік лауазымға жарияланған ішкі конкурсқа төменгі лауазымнан жоғары қызметке 525 маман тағайындалып, меритократия деңгейі 66,2% болған.
Өткен жылы өңірде бірнеше кезеңді қамтыған іріктеу нәтижесінде түркістандық 19 жас дарын Президенттік жастар кадр резервінің құрамына алынған. Алдағы бес жыл ішінде оларға конкурстан тыс уәкілетті комиссияның қорытындысымен басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі берілмек.
Ал ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұловтың айтуынша, өткен жылы облыс әкімдігі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен 1171 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарынан өткен.