Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударады

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жақында ғана іске қосылған «Зәуре» жылыжайының жұмысымен танысты.

Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударады

Шаруашылықтың дайын өнімімен танысқан шаһар басшысы климаттың қолайлылығын пайдаланып, отандық және шетелдік нарыққа жергілікті көкөністерді көптеп шығау керек екендігін айтты.

Негізінен қияр өсірумен айналысатын жылыжайдың жалпы аумағы 3 гектарды алып жатыр. Мұнда «Тристан» деп аталатын қиярдың алғашқы өнімін жинау бірер күнде басталады деп күтілуде. Бірінші айналымнан алынатын 750 тонна өнімді солтүстік аумақтар мен Ресейге жөнелту жоспарланған.

Жалпы инвестиция көлемі 900 млн теңгені құраса, оның ішінен 700 млн теңгесі жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіліп, 175 млн теңге мемлекет тарапынан субсидияланған.

Жылыжай кешенін салу жобасы 2019 жылы жүзеге асырылып, онда 10 адам тұрақты, 20 адам ауыспалы жұмыс орнымен қамтылған. Сонымен қатар, мұндағы жылыжай өнімдерін бір орталыққа жинау арқылы өзара кооперация құрып, делдалдардың қатысуынсыз Ресейге тікелей экспорттау көзделуде.