Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Айтолқынға «Абай» стипендиясы тағайындалды

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылыми кеңестің ұсынысымен «Абай-175» атты стипендия тағайындалды.

Айтолқынға «Абай» стипендиясы тағайындалды

Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті, екі аяғын баса алмай, арбаға таңылған Айтолқын Болатқызына облыс әкімінің гранты берілді.

ай

Мұндай жағымды жаңалықты кеше аталған оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген жеткізді.

рек

«Біз сонымен қатар Айтолқынға «Еріктілер жылына» байланысты «Қамқор бол» акциясының негізінде ғылыми кеңестің ұсынысымен «Абай-175» атты стипендияны тағайындадық. Енді ол 4 жыл бойы ай сайын 50 мың теңгеден алады. Наурыз айында біздің студенттердің ұсынысымен Вена балын өткізу жоспарланып отыр. Осы шарадан түскен қаржы толығымен Айтолқынның еміне жұмсалатын болады» дейді Мұхтар Әділбекұлы.

ректор

Облыс әкімінің гранты мен «Абай» стипендиясына ие болған Айтолқын: «Маған қамқорлық танытып, стипендия тағайындаған университет ректорына айтар алғысымыз шексіз. Үмітті ақтауға тырысамын» дейді.

ӨСКЕМЕН