Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020

«Қыран» еріктілер тобы қар тазалауда

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұздың  Солнечный  кентінде  де апта бойы қалың қар жауды. Күн бұрқасындатып, соңы боранға айналуда.

«Қыран» еріктілер тобы қар тазалауда

Кент әкімдігі  көшелерді, айналаны қардан тазартып, қар шығаруда.  Қар мен боранның салдарынан  жолдар бақылауда. Ал,  кенттегі  Абай атындағы  мектептің жоғары сынып  оқушылары  мектеп айналасын, «Жидек» балабақшасына барып, балалардың ойнайтын алаңқайларын қардан тазартып берді.

Мектепте  «Қыран» еріктілер тобын  құрған  оқушылар алдағы уақытта өз жұмыстарының іс-жоспарларын құруда.

Жалпы, шетелдік Волонтерлар, бұл сөздің шығу тарихы жайлы,  жергілікті Еріктілер жайлы оқып-танысып, білуде.

Күні кеше өткен «Біз біргеміз» атты республикалық қар тазалу челленджге қосылды.

Еріктілер  мектепте өтетін  «Үздік оқушылар» құрылтайын  өткізуге көмектесуде. 

- Әрине, еріктілер бізді қызықтырады. Олар жайлы алғаш рет  ЭКСПО кезінен  естіп, көріп, оқып білдік. Қазір біз жаңа мектепте білім алудамыз. Спорт залдары, спорт алаңдары, жүгіріске арналған жолдар бар. Мектебіміз «Дене шынықтыру пәні  бойынша үлгілі мектеп» атанды. Жыл бойы өткізілетін іс-шараларға  қатысамыз,-дейді «Қырандар».

 

Екібастұз