Былтыр ғана ақ босаға аттаған жас келін Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкеліп отыр.
Облыстық №1-ші перинаталды орталықта айы - күніне жетпей туылған үшемнің жағдайы, дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазір жақсы. Перзентхана қызметкерлеріне алғысын білдірген Жанар ауылда сәбилердің әжелері асыға күтіп отырғанын айтады.
Айта кетелік, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының дерегінше, өткен жылы Түркістан облысында бес үшем дүниеге келіп, 55 мыңнан астам сәби туылған.