Қоғам • 31 Қаңтар, 2020

Елордада АӘК тағайындау бойынша 7 579 отбасыға кеңес берілді

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аз қамтылған азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада АӘК тағайындау бойынша 7 579 отбасыға кеңес берілді

Жыл басынан бері 7 579 отбасыға АӘК кеңес беріліп, 2 367 өтініш қабылданды, оның ішінде көп балалы отбасылардан түскен өтініш саны – 864. 1 421 отбасына АӘК тағайындалды, ал 125 отбасына тағайындаудан бас тартылды.

АӘК алуға құқылы отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі күнкөріс құнының 70% -ынан аспауы қажет. Нұр-Сұлтан қаласы үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 2020 жылдың 1 тоқсанында 34 654 теңгені көрсетсе, кедейлік шегі 24 258 теңгені құрады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК тағайындауда өтініш жасаған отбасы мүшелерінің санына қарай және 3 айға бөлу арқылы есептеледі. АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс мен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде анықталады.

Сондай-ақ әлеуметтік көмек ай сайын төленеді. АӘК алатын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну қарастырылған. Жасына байланысты екі санат: бірінші - 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдеме пакеті, екіншісі - 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген жиынтық.

Пакет шеңберінде орта білім беру ұйымдарында білім алатын оқитын оқушылар үшін күнделікті мектеп асы, мектеп формасы (жылына бір рет), оқу құралдары (жылына бір рет), қоғамдық көліктердегі сапарлардың 50% -ын өтеу жеңілдіктері қарастырылған. Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар тамыз айында оқу жылы басталғанға дейін беріледі деп жоспарлануда.

АӘК-ге құжаттарды қабылдау келесі мекенжайларда жүзеге асырылады: Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік, 25), «Жанұя» Отбасын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14), Алматы ауданының әкімдігі (Тәуелсіздік даңғылы 7), Байқоңыр ауданының әкімдігі (Отырар көшесі, 5), Есіл ауданының әкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33), Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13).

Соңғы жаңалықтар