Үкімет • 31 Қаңтар, 2020

Жасанды интеллектің тиімділігі жылына 25 млрд долларды құрайтын болады

1105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі А.Мамин аймақта тұрақты дамуды қамтамасыз етуде жасанды интеллектің рөлі артып отырғандығын жеткізді.

Жасанды интеллектің тиімділігі жылына 25 млрд долларды құрайтын болады

Осы бағытта Қазақстанда Жасанды интеллект бойынша Ұлттық кластер құру жоспарланып отыр.  Қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдар мен компанияларда жасанды интеллекті қолдану бірте-бірте жүзеге аса бастаған. 2030 жылға дейін жасанды интеллекті пайдалану тиімділігі экономика салаларында 5 трлн АҚШ доларын құрайтын болады.

Бүгінде сауда, көлік, логистика, тау-кен өндірісі салаларында айтарлықтай жетістіктер байқалады. Болжам бойынша, жасанды интеллекті пайдаланудың жалпы экономикалық тиімділігі жылына 25 млрд долларды құрауы мүмкін.

Әсіресе, қызмет көрсету саласы жылына 15 млрд доллар, тау-кен өндірісі жылына 9 млрд долларды құрайтын болады. Қазіргі кезде Назарбаев университетінде жасанды интеллекті дамыту бағытында жұмыстар жолға қойылуда. Осыдан екі жыл бұрын халықаралық Astana Hub технопаркі құрылса, өткен жылы қыркүйек айында инновациялық ИТ университеті ашылды.