Қазақстан • 31 Қаңтар, 2020

М.Мишустин: Ресей цифрландыру жүйесінде жоғары технологияларға ие

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумының пленарлық отырысында Ресей үкіметінің басшысы осылай деп мәлімдеді.

М.Мишустин: Ресей цифрландыру жүйесінде жоғары технологияларға ие

М.Мишустиннің айтуынша,  замануи жобалар бірте-бірте қоғамдық өмірге дендеп ене бастады.  Цифрландыру халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басты құралы. Ресей Еуразиялық ықпалдастық аясындағы елдермен бірлесе отырып ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті дамытатын болады.

Бүгінде Ресейде ауқымды экожүйелерді жасақтайтын цифрлық бизнес көшбасшылары бар, мұның барлығы таяу жылдарда өмірімізді өзгертетін болады. Бұл бағытта жүргізушісіз автокөліктерді атап өтуге болады.