Қазақстан • 31 Қаңтар, 2020

Ж. Разақов: Ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында күш-жігерді біріктіру керек

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Республикасының вице-премьері Жеңіс Разақов ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында күш-жігерді біріктіру қажеттігін айтты.  

Ж. Разақов: Ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында күш-жігерді біріктіру керек

«Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де өткір тұр. Сондықтан бізге киберқауіпсңздңк деңгейін төмендету, ақпараттық кеңістікті жағымсыз әсерден қорғау, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және компьютерлік инциденттерге әрекет ету мақсатында күш — жігерімізді біріктіру қажет», деп атап өтті вице-премьер Жеңіс Разақов.  

Ол сандық күн тәртібін жүзеге асырудағы бірлескен күш қана ЕАЭО мемлекеттеріне жаңа шетелдік нарықтарға шығуға және жаһандық бәсекелестік кеңістікте лайықты орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.