Технология • 31 Қаңтар, 2020

И. Кику: Индустрия айналымы үш жылда екі есе өсті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия айналымы үш жылда екі еседен астам өсті. Ұлттық экспорттың өсуінде де осындай қарқын байқалады, деп мәлімдеді И. Кику.

И. Кику: Индустрия айналымы үш жылда екі есе өсті

Молдова Республикасының Премьер-Министрі Ион Кику өз сөзінде Молдовада бүкіл қоғамды трансформациялау мен жаңғыртудың негізгі қозғалтқышы ретінде АТ-секторды шоғырландыруға және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін хабарлады. АТ-секторы ұлттық экономиканың аса дамыған және серпінді секторларының біріне айналды. Молдова Республикасының ақпараттық технологиялар индустриясында соңғы жылдары серпінді өсім байқалуда.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Цифрлық форумның қысқа уақыт ішінде цифрлық трансформация мен жаһандық экономиканың келешегі, сондай-ақ ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі талқыланатын іскери алаңға айналғанын атап өтті. Ол Форум аталған мәселелердің ЕАЭО-ның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретіндігіне және өте күрделі заманауи сын-тегеуріндерге жалпы жауаптарды әзірлеуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Осы сын-тегеуріндердің барлығын Ресей Үкіметі Төрағасының сөйлеген сөзі сүйемелденетін қысқа роликте Ресей тарапы тұжырымдады.