Үкімет • 31 Қаңтар, 2020

Еңбек министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп CRM ақпараттық базасын енгізді

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2019 жылғы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК өкілдері кірген Жұмыспен қамту мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру жөніндегі жол картасын әзірледі және бекітті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп CRM ақпараттық базасын енгізді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп CRM ақпараттық базасын енгізді, ол арқылы Жаңаөзендегі жұмыссыз тұрғындардың жеке карталары қалыптастырылды, бұл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қажет ететін 2 042 адамның әлеуметтік портретін анықтауға мүмкіндік берді. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында атаулы қолдау шараларын көрсетуді жоспарлап отыр.

Орташа жалақысы 100-ден 120 мың теңгеге дейін болатын тұрақты жұмыс орындарына 107 адам жұмысқа орналасты. 2020 жылы тұрақты жұмыс орындарына 561 адамды, мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына 1 374 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында тауар өндірушілерді «Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алуға тарту арқылы өндірісті оқшаулау және жұмыс орындарын құруды ынталандыру жобасы жоспарлануда.

Сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді оқшаулау болжанып отыр, қазірдің өзінде әлеуетті оқшауланатын 32 бизнес-жоба анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқшауланатын жобалар шеңберіндегі жалақы мөлшері маманның біліктілік деңгейіне байланысты 100-ден 320 мың теңгеге дейін болады, 22,4 млрд теңгеге дейін инвестициясы бар 800 жұмыс орны құрылады.

Өндірісті оқшаулайтын кәсіпкерлерді кадрлармен қамтамасыз ету үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде «Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» құралы пайдаланылатын болады.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту үшін «100 сауда нүктесі» жобасын жүзеге асыру үшін 30 жер учаскесі анықталды. Бұл жер учаскелері «Каспий» ӘКК-не 5 жылға жалға беріледі.

Кәсіпкерлік бастамасы бар қала тұрғындары арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.