Қазақстан • 31 Қаңтар, 2020

Зарема Шаукенова: ЕАЭО экономикалық байланыстардың жақсаруына ықпал етеді

853 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларын жан-жақты жаңғырту, кооперациясы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) директоры Зарема Шаукенова пікірімен бөлісті. 

Зарема Шаукенова: ЕАЭО экономикалық байланыстардың жақсаруына ықпал етеді

«Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы және экономикалық әлеуеті интеграциялық бірлестік аясында оның тұрақты дамуына ықпал етеді және негізгі мақсат – капиталдың еркін қозғалысын сенімді іске асыруға мүмкіндік береді», деді ол.

Оның айтуынша, ЕАЭО қатысушы елдердің сыртқы экономикалық қызметтен де, ішкі экономикалық процестерден де синергетикалық әсерге қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мәселен, алғашқы бес жылдың қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің едәуір өсімі байқалады. ЕАЭО жалпы ішкі өнімі сатып алушылық қабілетінің паритеті бойынша (СҚП бойынша ЖІӨ) 13%-ға, тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12%-ға артты, жұмыссыздық деңгейі 12%-ға қысқарды, негізгі капиталға инвестициялар 19%-ға көтерілді. 

Қазіргі жағдайларда Қазақстан үшін сыртқы серіктестермен тұрақты экономикалық байланыстарды дамыту — экономикалық дамудың маңызды векторы. ЕАЭО бұл контексте экспорттық әлеуетті өсіру үшін кең мүмкіндіктер мен перспективалы бағыттары ашады, бұл түптің түбінде қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейінен көрініс табады. 

Әрбір елдің интеграция негізінде өз басымдықтары бар. Қазақстан үшін бұл — бірыңғай кеден нормалары базасында экспортты жеңілдету, салықсыз сауда, әлемнің басқа макроэкономикалық аймақтарына шығумен жаһандық көлік тораптарына интеграция.  

ЕАЭО аясында қол қойылған келісімдер Қазақстанның басқа аймақтардағы елдермен экономикалық байланыстарының жақсаруына ықпал етеді. Мысалы, 2016 жылы ЕАЭО елдері Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісім жасады. Мәселен, Қазақстанның Вьетнаммен тауар айналымының жыл сайынғы өсу қарқыны 2016 және 2018 жылдар аралығында 13%-ға жуықты құрады. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Вьетнаммен тауар айналымы $246 млн асады, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен 2%-ға артық. 

Оңтүстік Шығыс Азиядағы аса ірі сауда хабы Сингапурмен еркін сауда аймағы туралы келісім өңдеу өнеркәсібіндегі отандық өнімнің болуына мүмкіндік береді. 2018 жылы Сингапурмен тауар айналымы $522 млн асқанын және 2016 жылмен салыстырғанда 6 есеге жуық артқанын атап өткен жөн. Қазақстанның Сингапурмен тауар айналымының үлес салмағы 2018 жылы АСЕАН мүше мемлекеттердің тауар айналымының жалпы көлемінен 37,4% құрады.