Матчты тамашалауға жиналған 10 мыңнан аса жанкүйер 7 шайбаның куәсі болды. Тартысты өткен кездесудің бірінші кезеңінің соңында «Барыс» ойыншылары сан басымдығын пайдаланып, екі минутта «Авангард» қақпасына екі гол соқты. Алғаш Дмитрий Гурков есепті ашса, Кирилл Панюков таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.
Екінші кезең басында Алексей Маклюков «Барыстың» үшінші шайбасын соқты. Арада бес минут өткенде Семён Ручкин есепті қысқартқанымен, Павел Акользин жылдам қарымтасын қайтарып, «Барыстың» жеңісін нақтылай түсті. Кезең аяқталар тұста «Авангард» сапынан Сергей Шумаков пен Кирилл Семёнов мергендігімен көзге түскенімен, командасына жеңіс сыйлай алмады. Қорытынды есеп – 4:3.