Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

Алтай Көлгінов бірқатар нысанды аралады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Онкологиялық орталық пен қазақ драма театрының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алтай Көлгінов бірқатар нысанды аралады

Қала әкімі Алтай Көлгінов ғимараттарға коммуникациялық және инженерлік желілерді уақытында жеткізіп, аумақты абаттандыру қажеттігін атап өтті.

Онкоорталықта обыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары пайдаланылатын болады. Жыл сайын медициналық орталықта 6 мың пациент стационарлық көмек, ал 30 мыңнан астам адам амбулаторлық көмек ала алады.

Әкім барған екінші нысан Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов және 23-15 көшелерінің қиылысында орналасқан қазақ драма театры. Кешен 800 орынға есептелген және 3 қабаттан тұрады. Құрылысты биыл аяқтау жоспарланып отыр.
1