Әлем • 03 Ақпан, 2020

ДДСҰ коронавирусқа қатысты соңғы мәліметпен бөлісті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) ресми сайтында коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты жариялап отыратын арнайы бет ашты. 

ДДСҰ коронавирусқа қатысты соңғы мәліметпен бөлісті

Соңғы рет 2 ақпанда жарияланған ақпаратқа сенсек, әлемде 14 559 адам індетті жұқтырған. Ал коронавирус белгілері 24 елде тіркеліпті.

Вирусты Қытайда 14411, Жапонияда 20, Таиландта 19, Сингапурда 18, Корея Республикасында 15, Австралияда 12, Германияда 10, Малайзияда 8, Америка Құрама Штаттарында 8, Вьетнамда 7, Францияда 6, Біріккен Араб Әмірліктерінде 5, Канадада 4, Үндістанда 2, Италияда 2, Ресей Федерациясында 2, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде 2, Филиппинде 2, Непалда 1, Шри-Ланкада 1, Испанияда 1, Швецияда 1, Камбоджада 1, Финляндияда 1 адам жұқтырған. 

1

Вирус белгілері алғаш пайда болған екі аптаға жуық уақытта жұқтырғандар саны 15 есе артқан.

в