Аймақтар • 03 Ақпан, 2020

Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана берілді

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласында жаңадан салынып жатқан 15-мөлтекаудандағы  халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана берілді

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай тұрғындарды баспаналы болуымен құттықтап, пәтер кілттерін иелеріне салтанатты жағдайда тапсырды. Жалпы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтекауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда  алқапта  26 тұрғын үй немесе 1020 пәтер халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, өткен жылдан өтпелі 20 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Яғни алдағы уақыттарда 1440 пәтер иелері өз үйлеріне қоныстанады деп күтілуде. Бүгін пайдалануға беріліп отырған 80 пәтерлі әлеуметтік тұрғын үйді баспана кезегінде көп жылдан бері тұрған азаматтарға иеленді. Тұрғын үй оларға арендалық, сатып алу құқығынсыз жалға берілді. Құрылысты жүргізуші мердігер «Агроспейстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Жамбыл облысы