Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

«Адалдық» дүкені ашылды

540 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттердің күнделікті тұрмыс тіршілігіне ыңғайлы «Адалдық» дүкені ашылды.

«Адалдық» дүкені ашылды

 

Студенттер енді кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті құ­рал­дар­ды сатушының көме­гін­сіз өзде­рі сатып ала алады. Аталған дүкенде әрбір тауардың бағасы жа­зылғандықтан тұтынушы өзі­не қажетті дүниені алған соң қар­жысын касса аппараттарын алмас­тырған арнайы жәшікке са­лады.

«Мұндай дүкендерді ашу жас­тарды парасаттылық пен адал­дыққа тәрбиелейді. Бұл уни­верситет жастарына әрбір іс-әрекетін ойланып, бағамдап барып жасауға жол көрсетеді», дейді университет ректоры Да­рия Қожамжарова.

Сондай-ақ осы күні жоғары оқу орнында «Парасат» мектебі де жұмыс істей бастады. Атал­ған жоба ел ертеңі жастарға «Са­на­лы ұрпақ», «Ізгілік елші­сі» бағыты бойынша тәрбие  бер­мек. Осы бағыт бойынша жас­тар өңірдегі сәулелі ғұмыр кеш­­­кен, адалдықты ту еткен тұл­­ғалармен кездесіп, пікір алма­­сады. Тәрбие мектебінде жем­қор­лықтан ада қоғам құру үшін ауқымды жұ­мыс қолға алынбақ.

Іс-шараға Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­ті­гі­нің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев, университет оқытушылары мен білім алушы студенттер қатысты.

Бүгінгі таңда жең ұшы­нан жалғасқан сыбайлас жем­қор­лық­тың алдын алу мақ­са­тында жоғары оқу орны­ның аумағына 16 үлкен LED экран орнатылған. Оқу маусымының соңындағы әрбір сынақты кез келген студент осы құрылғы арқылы бақы­лай алады.

«Сту­денттердің қа­ты­суы­мен оқу процесінің таза­лығына мо­ниторинг жасадық. Әлеу­мет­тік зерт­теулердің нәти­же­сін­де ем­ти­­ханның тазалығы 86 па­йызды көрсетіп отыр», дейді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожам­жа­ро­ва.

 

Шымкент