Теннис • 04 Ақпан, 2020

Шведованың рекордын қайталады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Мельбурн қаласында мәресіне жеткен теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы Аустралия ашық чемпионатынан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңарды.

Шведованың рекордын қайталады

Ерлер арасындағы бәсекеде топ жарған сербиялық Новак Джокович бірінші орынға көтерілді. Жартылай финалға дейін жеткен испаниялық Рафаэль Надаль екінші орынға түсіп қалса, үздік үштікті швейцариялық Роджер Федерер түйіндеді. Қазақстандық теннисшілер арасында Александр Бублик екі саты жоғарылап, 54-орынға жайғасты. Михаил Кукушкин 68-орнын сақтап қалса, Дмитрий Попко 170-орынға тұрақтады.

Қыздар арасында аустралиялық Эшли Бартидің бағы жанып тұр. Жасыл құрлық өкілін аталған жарыстың жартылай финалында өнер көрсеткен румыниялық Си­мона Халеп өкшелеп келеді. Ал өткен рейтингте екінші орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова үшінші орынға түсіп қалды. Australian Open бәсекесінің үшінші айналымына дейін жеткен қазақстандық теннисшілер нәтижесін біршама жақсартып алды. Жаңа рейтингте Елена Рыбакина 25-орынға жайғасып, отандасымыз Ярослава Шве­дованың рекордын қайталады. Шведова 2012 жылы әлемдік рейтингте 25-орынға дейін жоғарылаған болатын. Ал Юлия Пу­тинцева 4 саты көтеріліп, 34-орынға тұрақ­таса, Зарина Диас 63-сатыға жайғасқан. Аус­тралия біріншілігінің қыздар бәсекесінде Со­фия Кенин жеңімпаз атанғанын айта кетейік.