Спорт • 04 Ақпан, 2020

Элиталы кезеңді жеңіліспен бастады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның Брно қаласында өтіп жат­қан футзалдан Әлем чемпионатына жол­дама беруші элиталы кезең Қа­зақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды. Жерлестеріміз алғашқы ойынды Румынияға қарсы өткізді.

Элиталы кезеңді жеңіліспен бастады

Кездесуді қарсыластар жылдам голмен бастады. Ойынның небәрі екінші минутында Румыния құрамасының капитаны Думитру Стойка есеп ашты. Біздің ойыншылар қалған уақытты толықтай шабуылмен өткізгенімен, қарсыластың қорғанысын бұза алмай қойды. Екінші таймда қорғаныс арқылы ойнаған Румыния футболшылары тағы екі гол соғып кетті. Кездесу аяқталар тұста Қазақстан құрамасы қарсыластың үш голына бір голмен жауап қайтарды. Гол авторы – қақпашы Игита. Қорытынды есеп – 1:3.