Спорт • 04 Ақпан, 2020

Балуандар Парижде белдеседі

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-9 ақпанда Парижде (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Париж татамиіне 122 елден келген 788 балуан қатысады деп жоспар­лан­ған. Ал бұл сында ел намысын 16 дзю­дошы қорғайды.

Балуандар Парижде белдеседі

Ерлер бәсекесінде Елдос Сметов пен Ғұс­ман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұ­ма­қанов пен Ер­лан Серікжанов (66 кг), Жан­сай Смағұлов пен Бе­кәділ Шаймерденов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерасыл Қажыбаев пен Ға­лым­жан Қырықбай (+100 кг) өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында Отгонцэцэг Галбадрах пен Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казю­лина (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назгүл Мара­това мен Камила Берліқаш (+78 кг) сайысқа түседі.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо феде­рациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлде­герлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.