«Коронавирустың таралуы туралы жағдай елдің орталық банктерінің әрекетіне қалай әсер етуі мүмкін?» деген сұраққа «Егер вирустың таралуы экономикалық процестер мен тауар нарықтарына айтарлықтай әсер етсе, онда орталық банктер шара қолдана бастайтынына күмән жоқ. Бұл вирустың таралу ықтималдығын немесе оның әсер ету дәрежесін ешкім алдын ала бағалай алмайтынын түсіну керек», - деп жауап берді Ұлттық банк басшысы.
Сонымен бірге ол коронавирустың экономика үшін қаупі асыра бағаланады және нарық үшін жаһандық салдар болмайды деген пікір бар.
Ұлттың банк төрағасының түсіндіруі бойынша әр түрлі сценарийлер бойынша дағдарысқа қарсы жоспарлар жасалды. Біздің қолымызда дағдарысты еңсерудің тетіктері бар.
«Өткен жылдың соңында Үкіметпен бірге біз қазіргі жағдайды ескере отырып, осы бағдарламаларды жаңарттық. Үкімет пен Ұлттық банкте мұндай сценарий бар», деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы әлем екіге бөлінгенін атап өтті: Бұл барыннан бар құбылыстың саяси бояуы қалыңдап кетті. Әзірге коронавирустық індет жаһандық экономикалық құлдыраудың қозғаушысы болады деген пікір басым. Бірақ Ұлттық банк төрағасының пікірінше, Қытай үкіметі қысқа мерзімде жеңе алады, жағдайдың асқынып кетуінің алдын алады.
«Бүкіл әлем локализацияны қалайды. Бұл мәселе тек қытайлық проблема емес екенін бәріміз түсінеміз. Әлемдік қауымдастық, Қытай экономикасының даму тұрақтылығына өте мүдделі. Бүгінгі таңда біз үшін қажетті шешімдер қабылдау үшін мәселелерге мұқият бақылау жүргізу қажет. Коронавирус мәселесі жаһандық құлдырауды бастайтын маңызды триггер емес. Мұндай жағдайда дүрбелеңге ұшырамай, күтуіміз керек деп санаймын, содан кейін жағдайды бағалағаннан кейін әрекет етеміз. Біз жағдайды мұқият қадағалайтын боламыз. Қытай біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бірі болғандықтан, бұл экспорт кірісінің азаюына әсер етуі мүмкін. Бұл фактордың әсері қысқа мерзімді болады деп санаймыз», деп түйіндеді ол.