Үкімет • 04 Ақпан, 2020

А. Жұмағалиев: Халықтың 97 %-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

А. Жұмағалиев: Халықтың 97 %-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады

А. Жұмағалиев атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 5 бағыт бойынша іске асырылып жатыр.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдан бастап ЖІӨ 30%-ға дейін өсім береді. 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Цифрлық экожүйеге 67 млрд теңге сомасында инвестиция тартылады. Халықтың 97%-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады.

«Бұл жоспарлар әлемдік бенчмарк негізінде жасалған. Мысалы, Еуроодақта цифрлық экономика 40% өсім беруде. Ал өндірістік шығындар 5-8%-ға қысқаруда. Барлық мемлекеттік органдармен із осы жоспарларға қол жеткізуіміз қажет» деді министр.