Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Сарыағашқа 123 мыңнан астам турист емдік судан шипа іздеп келген

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан өңіріндегі Сарыағаш ауданы жеміс-жидегімен де, емдік суымен де танымал.

Сарыағашқа 123 мыңнан астам турист емдік судан шипа іздеп келген

Былтыр емдік судан шипа іздеп келген туристер 123 мыңнан асса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілуде. Бұл мақсатта нақты жоспарлар бекітілген.

Бүгінде ауданда 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақүй қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ауданда ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің мәлімдеуінше,  былтыр жалпы өнім көлемі 77 млрд. теңгеден асқан.

Алдағы уақытта егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан ендіру жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе, жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделуде. Бұл деректер Сарыағаш ауданы әкімінің жылдық жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындарға берген есебінде келтірілді.

Есептік жиыннан соң облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Аудан ақсақалдары ауызсу және суармалы сумен қамтамасыз ету, халық санының өсуіне байланысты мектеп салу секілді мәселелерді көтерді. Облыс әкімі ол мәселелер бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар