Спорт • 05 Ақпан, 2020

Испанияда үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпан күні Гранадада үстел теннисінен ITTF Challenge кезеңінен Spanish Open жарысы басталды. Аталған турнирге қазақстандық спортшылар қатысуда. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Испанияда үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды

Қазақстан сапынан Spanish Open додасында Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Зауреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Гулчехра Хусейнова бақ сынауда.

Сайыстың бірінші күнінде Зуреш Ақашева португалиялық қарсыласын жеңсе, Айдос Кенжеғұлов Англия өкілінен басым түсті.

Ал Гүлчехра Хусейнова алғашқы кездесуінде Греция спортшысын ұтса, екінші айналымда Беларусь спортшысына есе жіберді. Анастасия Лаврова бірінші кезеңде чехиялық, екінші ойында Қытайлық Тайбэй өкіліне жол берді.