«Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі қазіргі уақытта Бейжің және Шанхай қалаларынан сіздерді жақын арада эвакуациялау үшін арнайы рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтауда.
Ұшу мерзімдері, уақыты және басқа да әуе рейсіне қатысты ақпарат өтініштеріңізде көрсетілген байланыстар бойынша қосымша жолданатын болады.Қытай аумағындағы біздің азаматтарды аурудың алдын алуға бағытталған қажетті шараларды сақтауға, сондай-ақ Елшіліктің ресми сайты мен «WeChat» парақшасында жарияланған ақпарат пен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырамыз», делінген елшілік хабарламасында.