Қоғам • 05 Ақпан, 2020

Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Құрылысы ұзаққа созылып, 2019 жылы пайдалануға берілген 10 тұрғын үй кешені, 2900 қолжетімді баспана, елді-мекендерді жоспарлы дамыту, жұмыс істейтін жастарға берілген 1050 пәтер, электравтобустар, арнайы техника, коммуналдық қызметкерлердің, энергетиктердің жалақысының артуы. Талқыланған тақырыптар осы.

Былтыр мектептердегі шамадан тыс жүктемені азайту мақсатында елордада 6 оқу орны салынды. Биыл тағы 12 мектептің құрылысы аяқталады. Жаңа тұрғын үй кешендері барлық жағынан ыңғайлы болуы шарт. 12 тұрғын үйде «Доктор у дома» ашылды. Осы жылы тағы 10 тұрғын үйде аталмыш медициналық көмек көрсету орталықтары ашылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық жол ауруханасына жөндеу жүргізілді. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 800 орындық көп салалы аурухана салынады. Қоғамдық кеңес мүшелері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасауға және экология мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Өте өзекті мәселе, біз осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 5,5 мың бала бар. Жұмыс істеп тұрған ипподром базасында 2 оңалту орталығын саламыз. Сонымен қатар иппотерапия сабақтары үшін жабық манеж салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандарды ашылатын болады. Олардың ішінде балаларға арналған шағын орталықтар мен оңалту орталықтары бар. Инватакси машиналарының саны екі есе артты. Ата-аналарға қосымша білім алуға және жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Экологияға келетін болсақ кейде қалада түтін байқалады. Бұл мәселені шешуде газ жүргізу көмектеседі. Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-1,2, Көктал-1,2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс елді-мекендері газбен қамтылады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Қала әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелеріне қаланы дамытуға еңбегі үшін алғыс білдірді.