Спорт • 05 Ақпан, 2020

Анастасия Городко параллельді могулдан Еуропа Кубогында жеңіске жетті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Тинь өңірінде фристайл-могулдан өтіп жатқан Еуропа Кубогында Анастасия Городко жеңімпаз атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анастасия Городко параллельді могулдан Еуропа Кубогында жеңіске жетті

Бұл жолы отандасымыз параллельді могул бәсекесінде (150.00 ұпай) қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орынды чехиялық Элиска Куфалова, ал үштікті Нидерланды өкілі Яннеке Бергюис түйіндеді.

Сондай-ақ дәл осы бәсекеде өнер көрсеткен екінші спортшымыз Олеся Граур 6-сатыға (60.00 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, Анастасия Городко өзі қатысқан барлық Еуропа Кубогы кезеңдерінде жеңіс тұғырынан көрініп жүр.